«Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты ведомствоаралық байқау өтеді

Tilalem.kz

Tilalem.kz

20 қараша, 2017

Елбасының мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, дамыту, қызметкерлердің күнделікті өмірде және қызметте қазақ тілін белсенді қолдануы үшін уәждемелеуді күшейтуге қажетті жағдай жасау саясатын іске асыру мақсатында «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты ведомствоаралық байқау жарияланды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен және Президент Әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған шара 24 қарашада "Қазақстан" концерт залында өтеді.

Дәстүрлі байқаудың мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мен патриоттық рухты күшейтуге қадам жасау.

Байқауға – Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Мемлекеттік күзет қызметі өкілдерінен құрылған 6 команда қатысады.

Әрбір ведомствоның өкілдері мемлекеттік тілді жетік білетінін, оны кәсіби қызметте қолдану дағдыларын көрсетеді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Баға беріңіз