Терминқордың қордаланған мәселелері көтеріледі

Ұлттық терминқорды жүйелеудің ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

21 қараша, 2017

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру –әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында 2017 жылдың 23 қарашасында «Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми –тәжірибелік негіздері» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Конференцияда Алаш зиялыларының қазақ терминжасам қағидаларын қалыптастырудағы орны, қазіргі терминжасам үдерістері, терминқорды жүйелеу, терминдерді түгендеу мен реттеу, стандарттаудың теориялық және ғылыми –практикалық мәселелері қозғалады.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшелері, ҚР Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, терминолог-ғалымдар, докторанттар мен магистрлар, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың мен зиялы қауым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.


Баға беріңіз