«Тіл парасат» байқауы өтеді

Этнос жастары арасында «Тіл парасат» байқауы өтеді.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

21 қараша, 2017

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» 2017 жылғы 23 қарашасында этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің республикалық "Тіл парасат" байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, этнос өкілдерін ынталандыру және талантты жастарды анықтап, қолдау көрсету.

Байқауға 17-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады. Байқау шартына сай талапкерлер:

* Ұсынылған тақырып бойынша ауызша тұсаукесер

* Қазақша эссе жазу

* Диалог құру

* «Шабыт жұлдызы» атты шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

Жүлдегерлер арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен анықталып, диплом, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті, Әйтеке Бикөшесі, 99

Өтетін уақыты: 2017 жылғы 23 қараша, сағат 14.00

Байланыс телефоны: 8 (7172) 40-83-97; 8 708 923 41 64


Баға беріңіз