Ербол Тілешов "Құрмет" орденімен наградталды

Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов мемлекеттік "Құрмет" орденімен марапатталды.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

15 желтоқсан, 2017

Тілешов Ербол Ердембекұлы 1965 жылы Алматы қаласында туған. Еңбек жолын 1992 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институты қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

1997 жылы «Мағжан Жұмабаевтың поэзиясындағы романтизм» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

2003-2004 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық институты директорының орынбасары;

2004-2007 жылдары ҚР Мәдениет министрлігі Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығының директоры, директорының орынбасары;

2007-2012 жылдары Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығының директоры;

2012-2015 жылдары Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Қазір Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры.

Негізгі еңбектері қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына, алаштану, тілтану, қазақ тілін үйрету әдістемесі тақырыбына арналған. «Көркемдік әдіс және суреткер» монографиясының, «Алаш туы астында», «Қайнар» зерттеулер жинақтарының, «Алаш қозғалысы» энциклопедиялық анықтамалығының (Д.Қамзабекұлымен бірге) және 200-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.


Баға беріңіз