Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығына – 20 жыл

Елімізде тұңғыш ашылған Шымкент қаласындағы тілдерді оқыту орталығына биыл 20 жыл толуына орай, 2017 жылғы 12 желтоқсанда Шымкент қаласындағы «Aidana Plaza» қонақүйінің мәжіліс залында қазақ әліпби...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

14 желтоқсан, 2017

Конференцияға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөнін­дегі Ұлттық комиссияға қарасты «Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру» жұмыс тобының жетекшісі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Қажыбек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық жұмыс комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов, белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы, Қоғам қайраткері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ОҚО филиалының төрағасы Шалатай Мырзахметов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Тілеубердиев сынды тіл жанашырлары, зиялы қауым өкілдері, облыстық, аумақтық, қалалық атқарушы органдардың қызметкерлері, аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандары мен тілдерді оқыту орталықтарының директорлары және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара алдын арнайы көрме ұйымдастырылды. Мекеме басшысы қонақтарға орталықтың 20 жылдығына арнайы шығарылған «Тіл. Тәуелсіздік. Тағылым» кітабын сыйға тартты. Конференция барысында елімізде тұңғыш ашылған Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығының 20 жылдығына арналған бейнефильм көрсетілді. Конференцияны облыс әкімінің орынбасары ашып, қала басшысының орынбасары, ғалымдар мен сала мамандары баяндама оқыды. Шара еркін форматта өтті.

Мерекелік басқосу соңында облыстық, аймақтық, қалалық атқарушы органдардың басшылары мен аудандардағы тілдерді оқыту орталықтарының директорлары орталықты 20 жылдығымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.


Баға беріңіз