Қызылордалық тіл мамандары бас қосты

Tilalem.kz

Tilalem.kz

01 ақпан, 2018

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен ғылыми-əдістемелік кеңес отырысы өтті. Шараға орталықтың ғылыми кеңес мүшелері жəне Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-əдістемелік орталығы директорының орынбасары Лиза Есбосынова қатысты.

Жиынды орталық директоры Н.Д.Мусаева ашты. Ол мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту мен əдістемелік жұмыстар бөлімінің басшысы Лəззат Есімова "Қазтест" жүйесі арқылы өткізілетін тест жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы ақпарат берді. "Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді əдістері " тақырыбында орталық əдіскері Ж.Ерекешова бөлім жұмысының таныстырылымын ұсынды. Орталық оқытушы Ə.А.Какарманова ағылшын тілін оқытудың тиімді əдістерін ұсынды. Орталықтың оқу-əдістемелік бөлімінің басшысы Ə.А.Бахытова оқытуды ұйымдастыру мəселелері мен əдістеме жасаудағы негізгі проблемаларды көтерсе, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-əдістемелік орталығы директорының орынбасары Л.Қожаққызы əдістемелік құрал əзірлеудің негізгі тұжырымдамасын түсіндірді. Сонымен қатар əрбір оқыту матермалдарын 2017 жылы толықтырылған жаңа лексикалық минимумдарды негізге ала отырып əзірлеуді тапсырды.

Шарада латын əліпбиіне көшу бағытында атқарылатын жұмыстардың кезеңдік жоспары да сөз болды. Орталықтың ғылыми кеңес мүшесі А.Абасилов əдістемелік кешен əзірлеуде жаңартылған білім мазмұнының бірқатар элементтерін үлгіге алу туралы пікірін білдірді. Қорытындысында ғылыми-əдістемелік кеңес мүшелері еркін ой алмасып, ортақ ұсыныстарын айтты.


Баға беріңіз