Тегін қазақ тілі курсына жазылыңыз!

Қазақ тілін қарапайым деңгейден бастап үйренуге ниетті азаматтарға жақсы жаңалық!
Tilalem.kz

Tilalem.kz

19 ақпан, 2018

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы қазақ тілін қарапайым деңгейден жоғарғы деңгейге дейін оқығысы келетін азаматтарды (өзге ұлт өкілдерін, т.б.) курсқа шақырады.

«Қазақ сөзі» оқу-әдістемелік кешені жобасы аясында жүргізілетін курсқа наурыз айының соңына дейін жазылып, тіркеле аласыз. Мемлекеттік тілді ТЕГІН үйреніп қана қоймайсыз, тіл үйренгеніңіз үшін сізге АҚЫ төленеді. Ал Сізден күтілетіні - қазақ тілін үйренуге деген ҚҰЛШЫНЫС пен НӘТИЖЕ.

Курсқа жазылу және өзге де сұрақтар бойынша байланыс номері: 87475013191, 87075181018



Баға беріңіз