Қазақ тілі оқу құралында МС Сайлаубек қайдан жүр?

Киікбай Жақыпұлы есімді Facebook қолданушысы Назарбаев мектебіне түсу үшін тапсыратын сынақ кітапшасында МС Сайлаубек туралы сұрақ жүргеніне наразылық білдірді. Ол танымал рэпердің есімі енгізілген...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

20 ақпан, 2018

Сайлаубектің есімі тест кітапшасына не мақсатпен енгізілгені белгісіз. Авторлары Қазбек Сағидолда мен Серікболсын Дүйсембай деп көрсетілген оқу құралында МС Сайлаубектің «Айтуға оңай», «Пусть говорят» телебағдарламалары арқылы танылғаны айтылады. Бұған қоса, оның жасы, қай жердің тумасы екені егжей-тегжейлі жазылыпты.

Ал соңында «МС Сайлаубекті жұлдыз болуына не әсер етті?» деген сұрақ қойылады.


Мұны көрген көпшілік сурет фотошоп деп сенімсіздік танытса, бірқатары кітапқа енген осындай мысалдардан соң елдің болашағына күмән келтірген.


Баға беріңіз