Бағы жанбаған кейбір әріптер туралы

Латын графикасына көшу барысындағы бастапқы екі нұсқаға алқын-жұлқын флешмоб жасағандар "ыңайсыз болды-ау" деп арлана ма екен?! Әсіресе, оның басы-қасында жүрген жастар қандай сезімде? Ал өздерін ж...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

21 ақпан, 2018

Ал жаңа нұсқаға келер болсақ, бұрынғыларға қарағанда көш ілгері. Бірақ, жетілдіретін тұстары әлі баршылық.

Ағылшынша "у" болып оқылатын "Uu" әріпі "Ұұ" болып өзгергені көңіліме қонбайды. Мұның жұртты біраз шатасуға апаратыны анық.

"Шш", "Чч" әріптеріне байланысты ағылшынша беру тәсілін алған кезде "Уу"-ды "Uu"-мен беруден неге бас тартамыз?!

"Ыы" мен "Уу" әріптерін ұқсас етіп берудің ыңғайсыз әрі қисынсыз екенін неге түсінбейміз?

"Іі" мен "Ии" және "Йй" бас әріптерінің берілуінде де күрделілік бар.

Пернетақтада бар "Ww" әріпін ұмыт қалдырғанымыз қалай?..

"Ғалымдар одағының" нұсқасынан да жақсы тұстарын алуымызға болар еді ғой...



Баға беріңіз