«Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» тақырыбындағы ашық дәрістер ұйымдастырылды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

04 сәуір, 2018

Бүгін Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ана тілі» орталығында қазақ тілін оқыту курстарында ақпараттық-түсіндіру мақсатындағы «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» тақырыбында ашық лекциялар өткізілді.

Шараның мақсаты – тыңдаушыларға латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат беру, олардың танымдылық, білімділік деңгейлерін көтеру және мәдениетаралық қатынас дағдыларын арттыру.

Қоғам болып талқыланып, жаңа нұсқада латын графикасына негізделіп ұсынылған қазақ тілі әліпбиіне көшу қалай жүзеге асырылатыны туралы ашық лекцияда қазақ әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру бойынша іс-шаралар жоспары, жалпы жаңа әліпбиді қолданысқа енгізу үрдісі,оны сараптау мен тестілеу кезеңдері туралы ақпараттар берілді.

Шараға мемлекеттік қызметшілер, мекеме мен ұйымдардың қызметкерлері, халыққа қызмет көрсету мекемелерінің қызметкерлері қатысты.



Баға беріңіз