​Ақтөбеде ілеспе аудармашыларға арналған курс өтті

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2018 жылғы 2-6 сәуір аралығында мемлекеттік тіл саясатын дамыту және мемлекеттік тілдің қолдану аясын ке...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

06 сәуір, 2018

Бүгінде мемлекеттік тілді дамытумен қатар, халықаралық кеңістікке бірігу талабы да биік. Қазақ тілін таза, ұлттық, бірегей нақышында сақтап отырған Ақтөбе өңірі күннен күнге алыс жақын шетелдерден серіктестік байланыстарды нығайтып, кәсіби аудармашылар пулын қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөле бастады. Өңір басшылығы ұстанған стратегия қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп қана қоймай, қарқынды экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, мәдениет, білім алу, әлемдік озық тәжірибиелер алмасу аясында жаңа мүмкіндіктер ашады. Осы орайда, тіл мамандарының ілеспе (синхронды) аударма жасаудағы біліктілігін арттыру және олардың алған білімдерін практикалық тұрғыдан бекітуге арналған бұл курстың маңызы үлкен.

Курс барысында ілеспе аудармада қолдыналатын кәсіби әдіс-тәсілдер оқытылып, аудармашылар қауымдастығында шеберліктің ең биік шыңы саналатын, күрделі де қызықты ілеспе (синхронды) аударма жасау практикасы арнайы жабдықталған сапалы құрылғылар көмегімен іске асты. Оқыту курсының модераторы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ-орыс-араб тілдерінен ілеспе аудармашы Есенжан Дина Әнесқызы қатысушыларға ілеспе аударма жасаудың қыр-сыры туралы дәріс беріп, жаттығулар жүргізді. Аудармашылар арнайы техникалық құралдардың көмегімен түрлі сұхбаттарды ілеспе аудару арқылы практикалық дағдыларын дамытты.

Шара облыстыңмемлекеттік мекемелерінде қызмет ететін аудармашы-мамандардың, университет оқытушылары мен тіл мәселелерін кәсіби тұрғыдан қарастырушы филологтардың басын қосты. Оқудан өткен аталмыш мамандарды алдағы уақытта жергілікті, аймақтық және халықаралық деңгейде өткізілетін ресми жиындарда ілеспе (синхронды) аударма жасауға тарту көзделіп отыр.

Курстың соңғы күні барлық қатысушылар өздерінің кәсіби білік-дағдыларының, дербес ілеспе аудармажасау шеберліктерінің жетілгендігін таныту әрі есеп беру мақсатында «Ақтөбе - менің гүлденген қалам» тақырыбында дөңгелек үстелге жиналды.Курс қатысушыларының бірі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Б.Қарағұлова: «Курс жоғары деңгейде өтті. Көптеген техникалық құралдармен жұмыс жасауды, бір мезетте тыңдау, сөйлеу, аудару процестерін қатар алып жүруге дағдыландық» деген пікірін білдірсе, Ақтөбе облысы бойынша кірістер департаментінің бас маманы Р.Омарова: «Жоғары деңгейде ұйымдастырылған курс барысындаілеспе аударманың психологиялық, әдістемелік, техникалық аспектісі жан-жақты үйретілді, ең бастысы ілеспе аудармашы ретінде заманауи техникалық құрылғыларда практикалық машықтарымызды жетілдірдік»-, деді.

Оқыту курсын мазмұнды, сапалы жүргізген профессор Дина Әнесқызына барлық қатысушылар алғыстарын білдірді. «Ілеспе аударма - қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, оны мемлекеттік мәні бар мәселелер қаралатын ірі жиындардың, ғылыми конференциялардың жұмыс тілі болуына ықпал ететіндігі сөзсіз.» деген салмақты ой түйіндеген Ақтөбелік аудармашы-мамандарға шара соңында сертификаттар табысталды.



Баға беріңіз