​«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау жұмыстары басталды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

25 сәуір, 2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихты тану, болашақты бағдарлау керектігін міндеттей келе, алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлем ғалымдары жазған ең үздік 100 кітапты қазақ тіліне аудару керектігін, сондай-ақ жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау қажеттігін айтқан болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, елімізде Ұлттық аударма бюросы құрылып, жоғары оқу орындарына арналған гуманитарлық бағыттағы таңдаулы оқулықтар қазақ тіліне аударыла бастады. Жуырда ғана Астана қаласында жиын өтіп, сол жолы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында қазақ тіліне аударылған алғашқы 18 кітап таныстырылған еді. Осы орайда еліміз бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні ұйымдастырылып, ауқымды шара аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау жұмыстары басталды.

Жастардың әлемнің гумани­тарлық оқулықтарын қазақ ті­лінде оқуына мол мүмкіндік ашып отырған еңбектерді өңір­лердегі оқу орындарының сту­дент­теріне таныстыру­ мақ­са­тын­да ел көлемінде ұйым­дас­тырылған «National bookdating» акциясы аясында Тараз қала­сын­дағы «Тараз Парасат» кол­леджінде Жамбыл облысы әкі­мі аппаратының «Қоғамдық келі­сім» мекемесінің ұйымдас­тыруымен арнайы іс-шара өтті. Оған өңірдегі жоғары және арнаулы орта оқу орын­да­­рының оқытушылары мен сту­­дент­тері қатысып, оқулық­тар­ды облыс­тық Қазақстан хал­қы Ассам­блеясы жанындағы ғы­лыми-зерттеу тобы төрағасы­ның орынбасары Парида Ма­медова таныстырды.

Өз сөзінде Парида Мамедова Елбасы тапсырмасы негізінде 100 оқулық тізімін жасақтау кезін­де 800-ге тарта кітап сарапталып, талданғанын, со­лар­­дың ішінен таңдалып алын­­ған 100 туындының аудар­маға жіберілгенін айтып­ өт­ті. Осынау үлкен ең­бек­­тің­ нәти­жесінде Дерек Джонстон­ның «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін», Энтони Джон мен Патрик Кеннидің «Батыс фи­ло­софиясының жаңа тарихы, Антика философиясы» 4 том­дық кітабының 1-томы және «Батыс философиясының жаңа тарихы, Орта ғасыр» 4 том­дық кітабының 2-томы, Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы», Дэвид Бринкерховтың «Әлеуметтану негіздері», Джорди Ритцердің «Әлеуметтану теориясы», Элиот Аронсонның «Көпке ұм­­тыл­ған жалғыз: әлеуметтік пси­­хологияға кіріспе», Дуэйн П.Шульц пен Сидней Еллен Шульцтің «Қазіргі психология тарихы», Дэвид Майерстің «Әлеуметтік психология», Грегори Мэнькю мен Марк П.Тей­лордың «Экономикс», Дональд Ф.Куратконың «Кәсіп­керлік: теория, процесс, практика», Рикки В.Гриффини­дің «Менеджмент», Карен Армстронг­тің «Иудаизм, хрис­­­­тиан­дық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны», Виктория Фромкин, Роберт Родман және Нина Хаймстің «Тіл біліміне кіріспе», Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация», Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен тео­риясы», Клаус Швабтың «Төр­тінші индустриялық революция» атты оқулықтары жарық көрген.

Кітаптарды таныстыру ке­зін­де П.Мамедова елімізде бір уақытта өтіп отырған «National bookdating» акциясының негізгі мақсаты – жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықты көрсету екендігін айтып өтті. Сонымен қатар бү­гінгі таңда қазақ тіліне ауда­рылған тарих, саясаттану,­ әлеу­меттану, психология,­ дінтану, философия және журналистика салаларындағы кітаптардың әрқайсысы 10 мың данамен басылып, алдағы бір ай ішінде жоғары оқу орындары мен кі­тап­ханаларға таратылады.

Сон­дай-ақ аталған құнды д­ү­ниелер ағымдағы жылдан бас­тап оқу бағдарламаларына да енгі­зіліп, барлық оқулықтардың электронды нұсқалары және соның негізінде әзірленген бей­недәрістер топтамасы 100kitap.kz сайты арқылы да таралатын болады. Кітаптарды таныс­тыру кезінде П.Мамедова студенттерге қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, аталған кітаптарды түгелдей оқып шығуға кеңес берді. Ал жиын барысында студенттер қазақ тіліне аударылған және аударылып жатқан кітап­тарға қатысты мәліметтер жайын­да сұрап, тиісті жауап алды. Сондай-ақ Тараз қаласын­дағы «Достық» үйінде Ел­ба­­сы­ның «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдарла­малық мақаласы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қа­зақ тіліндегі 100 жаңа оқу­лық» жобасын талқылау мақ­сатында Қазақстан халқы Ассам­блеясының бірыңғай күніне орай жиын өтті. Оған өңірдегі «Жаңғыру жолы» жас­тар қозғалысының, «Ақ жел­кен» жастар лигасының өкіл­дері, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің және «Болашақ» колледжінің студенттері, Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері бас­қар­масына қарасты «Жас­тар ресурстық орталығы» меке­месінің қызметкерлері қатысты.

Жиынға қатысқан жас­тар арасында гуманитарлық ғы­лымдар шеңберінде қазақ тіліне аударылған кітаптардың ал­ғашқы топтамалары насихаттал­ды. Өз сөзінде Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесі көрме за­лы­ның меңгерушісі Вера Май­кович «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша ауда­рыл­ған кітаптардың бүгінгі жас­тар үшін аса маңыздылығын ай­тып өтті. Сондай-ақ алдағы уақыттарда жастардың аталған кітаптар арқылы әлемдік дең­гейдегі гуманитарлық бағыт­тағы ғылымдарды терең игеруге мүмкіндік алатыны да ай­тылды. Шара барысында жастар 200 аудармашы мен 40 редактор бірлесе еңбек еткен кітаптар туралы сұрап, нақ­ты жауаптар алды. Сонымен қатар жаңа жинақтар туралы ар­найы бейнеролик көрсетіліп, жиналған жастар «Достық» үйінің сәулетімен танысты.



Баға беріңіз