​«Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен үш тілді жетік меңгерген жастардың арасында «Тілдарын» атты облыстық олимпиада өтті.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

20 сәуір, 2018

Олимпиаданың мақсаты үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші айналымда қатысушылар тапсырылған тақырыптың мазмұнын ашуы тиіс болса, келесі кезеңде арнайы тақырыпта эссе жазды. Соңғы сайыс ілеспе аударма жасау болды.

Сайыс қорытындысы бойынша, Қарабалық ауданынан келген Нарбек Мадина «Сөз шебері», Руднй қаласынан келген Куватова Жұлдызай «Тіл шебері», Жетіқара ауданынан келген Таңатова Мадина «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болып, дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Ал жүлделі І орынды А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенті Нұрмаганбетова Анипа иемденсе, ІІ орынды Жангелдин ауданынан келген Болат Қорлан еншіледі. Үздік үштікті Арқалық қаласының намысын қорғаған Жарылқасын Ақерке түйіндеді.

2018 жылдың қараша айында Петропавл қаласында өтетін «Тілдарын» атты республикалық олимпиадаға Қостанай облысының атынан жүлделі І орынға ие болған Нұрмаганбетова Анипа қатысатын болады.


Баға беріңіз