"Таза жарнама - қала келбеті" акциясы қорытыланды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде және Павлодар облысының 80 жылдығына орай облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен 2018 ...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

02 мамыр, 2018

Акцияның басты мақсаты ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерді анықтау.

Қателер, әсіресе, жеке кәсіпкерлердің нысандарындағы маңдайшаларда, жарнамаларда, баннерлерде анықталды. Акция шеңберінде барлығы 100-ден аса фотосурет жиналды.

Акцияның белсенді қатысушыларын ресми марапаттау шарасы облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармада өтті. Басқарма атынан белсенділерге алғысхаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Іс-шара ұйымдастырушылары акцияға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершілік танытқан облыс тұрғындарына алғыстарын білдірді. Басқарма өз тарапынан қателікке жол берген нысан иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.



Баға беріңіз