Жаңа әліпби насихатталды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

25 мамыр, 2018

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру мәселесі шеңберінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен зиялы қауым өкілдері және тіл жанашырларымен кездесу өтті.

Шараға Халықаралық «Қазақтілі» қоғамы облыстық филиалының мүшелері, жергілікті зиялы қауым мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, тіл жанашырлары және т.б. қатысты.

Кездесу барысында жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу, үштілділікті дамыту және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау және жаңғырту бойынша мәселелер талқыланды.

Шара соңында Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы төңірегінде айтылған басым бағыттардың жүзеге асырылуына барлық күш-жігерлерін салу қажеттігіне шақырған зиялы қауым өкілдері өз тілектерін білдірді.


Баға беріңіз