Балқаштағы №15 мектеп-лицейге Әлихан Бөкейхановтың есімі берілмек

Tilalem.kz

Tilalem.kz

28 мамыр, 2018

Балқаш қаласындағы №15 мектеп-лицейге Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілмек. Бұл туралы Әділет ҚР нормативті құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында хабарланды.

«Әлихан Бөкейхановтың есімін «Балқаш қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» қалалық мемлекеттік мекемесіне берілсін», - делінген Үкіметтің 2018 жылғы 24 мамырындағы №286 шешімінде.

Аталмыш қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, Әлихан Бөкейханов – Алаш көсемі, қазақтың қоғам қайраткері, педагог, журналис, этнограф. «Алаш» партиясының көшбасшыларының бірі, Қазақстан Республикасының уақытша үкіметінің комиссары, 1971 жылдан 1920 жылға дейін Алаш автономиясының төрағасы болған.



Баға беріңіз