​Ақтөбелік тіл мамандары ілеспе аударма жасауды үйренуде

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығында 28 мамыр-1маусым аралығында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру курсының 2-кезеңі б...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

31 мамыр, 2018

Қазақ тілінің аясын кеңейтетін өзекті мәселенің бірі – аударма саласын дамыту. Аударма – кең ұғым. Соның ішіндегі ең күрделісі – ілеспе аударма. Ілеспе аударма теория мен тәжірибені қажет ететін ерекше саланың бірі. Өйткені елімізде енді қолға алынынып келе жатқан іслепе аударма саласын дамыту, мамандарды даяарлау мемлекеттік тілдің дамуына серпін берері анық. Осы орайда, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда, мемлекеттік тілдің көкжиегін одан әрі кеңейтуде Ақтөбе облысындағы дәстүрлі шара - «Қазақша-орысша және орысша-қазақша ілеспе аударма жасауды үйрету және тұлғалық өсу» біліктілікті арттыру курсы жүріп жатыр.

Курстың екінші кезіңіне Ақтөбе қаласы мен аудандардағы мемлекеттік органдар мен компаниялардың, мекемелер мен кәсіпорындардың аудармашылары, ілеспе аударма жасауға бейім, екі немесе одан да көп тіл білетін мамандары және ЖОО-ның оқытушылары шақырылды. Қатысушылар бес күн бойы арнайы техникалық құралдардың көмегімен түрлі тақырыптағы сұхбаттарды ілеспе аудару арқылы практикалық дағдыларын жетілдіруде. Оқыту курсын ілеспе аударма саласының кәсіби маманы, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ-орыс-араб тілдерінен ілеспе аудармашы Дина Есенжан жүргізуде.

Қатысушылар курс барысында шеберліктерін арттырып, пікір алмасып, облысымызда ілеспе аударманың дамуына жасалып жатқан игі бастаманыңбір жүйеге қойылып жатқанына алғастарын білдіруде. Жалпы аталған курспен облыстың 50-ден астам маманы қамтылып отыр.


Баға беріңіз