​«Бала тілі - бал» акциясы өтті

Tilalem.kz

Tilalem.kz

01 маусым, 2018

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – баланың қуанышы мен шат күлкісі. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Сондықтан Халықаралық балаларды қорғау күні – балаларға барынша көңіл бөліп, оларға қамқорлық көрсету барша азаматтың парызы болып табылады.

Осы 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұжымы Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылына және Павлодар қаласының балаларға арналған баспанасына барып, ондағы балаларға қамқорлық танытып қайтты.

Басқарма басшысы С. Османова балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, оларға жылы лебізін білдіріп, мерекелік тәттілер мен сыйлықтар тарту етті.

Шара соңында балалар үйінің әкімшілігі мен ұжымы келген қонақтарға алғыстарын білдіріп, осындай шаралар балаларға үлкен қуаныш пен жылулық сыйлайтндығын жеткізді.


Баға беріңіз