Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Кітапқұмар президент

8.6.2018 126

Атақты Ататүріктің көмекшісі болған Жемал Гранданың естелік кітабын оқып отырып, Түркияның тұңғыш президентінің әдебиетке қаншалықты мән беріп, қаламгерлерге қамқорлық жасағанын, ұлт әдебиеті­нің дамуына қаншалықты қолдау көрсеткенін пайымдайсың.

«...Бір күні Ататүрік қалыңдығы кереқарыс тарихи шығарманы бас алмай оқып отырды. Елдегі көптеген көкейкесті мәселелер шешімін таппай жатқанда, мемлекет басшысының кітап оқып отырғаны бәрімізге оғаш көрінетіні рас. Сол кезде Ататүріктің депутат досы Хүсейін Васыч Чынар:

– Пашам! Тарихты оқып, бас қатырып не қыласың? Сонау 1919 жылдың 19 мамырында Самсунда елді ұлт-азаттық соғысқа бастағаныңда, кітап оқып шығып па едің? – деп әңгімеге тартады.

Ататүрік досының әзіл аралас сөзін бірден ұғады. Сөйтіп кітаптың бетін жауып:

– Бала кезімде көп қиындық көр­дім, Васыч досым. Екі құрыш (тиын) қолыма тие қалса бір құрыш­ты міндетті түрде кітапқа жұм­сай­тын­мын. Кітап оқыма­ғанымда, осы уақытқа дейін ештеңе қолымнан келмес еді ғой. Өмірімдегі барлық жетіс­тік­терім осы кітаптың арқасында, – деп жауап қатады.

Иә, Ататүрік ұлттық әдебиеттің ірі өкілдерін үнемі мақтаныш тұтып отыратын. «Ел іргесі – мәдениет пен әдебиет. Сондықтан да өнер адамы қол сүймейді, оның қолын басқалар сүюі керек» деп, қалам ұстаған қадірлі қауымға барынша қолдау білдіруші еді. Решат Нұри Гүнтекин, Намык Кемал, Мехмет Эмин Юрдакул, Тәуфик Фикрет сынды ақын-жазушылардың шығармаларын оқып, ел-жұртпен кездескен сайын оларды оқуға кеңес беретін...

Ж.Гранданың естеліктері майданда жүріп шығарма жазған жауынгер қазақ қаламгерлерін, тілдің мерейі үстем болсын деп, ұлттық әдебиетімізге қамқоршы болған тарихи тұлғаларымызды еріксіз еске салады.

Ататүрік өз елін сақтап қалды. Оған кеңесші болған ең алдымен кітап еді.

Тегтер: Ататүрік, Жемал Гранда, кітап, әдебиет, тіл, мәдениет

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

46 0

ақпарат

Өзімізден бастайық

87 0

ақпарат

Мемлекеттің тіл тағдыры – елдің тағдыры

75 0

ақпарат

2 қазан, 2017 жыл Мерекеде мемлекеттік тілдің мәртебесін тағы бір асқақтады