Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Өзімізден бастайық

19.6.2018 611

Мемлекеттік тіл – қай елдің болсын даму құрылымын қалыптастыруда және оның әлемдік қауымдастықтағы өзіндік орнын анықтап, нақтылау үдерісінде саяси-экономикалық, саяси-идеологиялық әрі қоғамдық-әлеуметтік маңызды қызмет атқарады. Қоғам мүшелеріне білім мен ғылым тіл арқылы беріліп, халыққа қызмет етеді.

Әлемдік ғылым, білім жетістіктері жекелеген ұлтқа қызмет етуі үшін, кез келген ғылым-білімнің бастапқы негізі ұлттық тілде, яғни білім алушының өз ана тілінде қалануы керек. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін жариялап, өз алдына дербес егемен ел болғаннан бері мемлекеттік тілді дамытуға аса мән беріліп келеді.Тілді өркендету – баршаның ісі. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым.

Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» ­Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты ­Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бейжай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» деген болатын. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мемлекеттік тілдің мерейін асыру мақсатында мемлекеттік қызметте қажырлы жұмыс атқарылуда. Барлық шығыс құжаттары мен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Соның ішінде соңғы кезде, сот жүйесінде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның баптарының жүзеге асырылуының бағдарламаларының жасақталғаны, Мемлекет басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлім. Аталған әрекеттердің бастауы, мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсіз.Мемлекет саясатында жауапты мекеме басшылары тілге деген бақылауды ешқашан да босаңсытпауы тиіс. Ең бастысы, тілге деген құрмет пен қамқорлық, қолдау көрсетіліп, оны өмірде қолдану мен қорғау өзімізден бастау алу керек. Ал егер өзіміз керек етпесек, мемлекеттік тіл кімге керек? ­Шынтуайтына келгенде, адам қай тілде сөйлесе, сол тілге қызмет етеді. Сондықтан мемлекеттік тілді ұлттық идея етіп, сол тілді қолданып, сол тілде сөйлеп, елімізге адал қызмет етейік.


Тегтер: ана тілі, қазақ тілі, тіл үйрену, өркениет

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

105 0

ақпарат

Кекілбаевтану - әдебиеттану ғылымында негізгі пәндердің бірі болуы керек

96 0

ақпарат

«Мен қазақша сөйлеймін» акциясы аясында

230 0

ақпарат

Үш тілді сәби кім болып шығады?