Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін үйлестіру

​ҚР Премьер-министрінің өкімімен Қазақ әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі ісшаралар жоспары бекітілді. ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Қазақ әлі...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

18 маусым, 2018

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы латын графикасына көшу процесін ұйымдастырушы әрі орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық және техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс топтарының қызметін үйлестіруші орталық болып құрылды.

Ұлттық комиссия жанынан құрылған әдістемелік жұмыс тобының мақсаты – латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін және оның емле ережелерін сынақтан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ оқыту және үйрету әдістемесін әзірлеу, оны білім беру жүйесіне біртіндеп енгізу.

Әдістемелік жұмыс тобы 2018 жылға арналған ағымдық жұмыс жоспарына сәйкес іске кірісті. Атап айтар болсақ, биылғы жылдың 18 маусым күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында әдістемелік жұмыс тобының мүшелері бас қосты. Отырыста жұмыс тобының мүшелері әдістемелік жұмыс тобының 2018 жылға арналған ағымдық жұмыс жоспарымен танысып, жаңа қазақ әліпбиін және емле ережелерін сынақтан өткізу, сынақ алаңдарын анықтау мәселесін талқылады.

Әдістемелік жұмыс тобының жоспары бойынша орфографиялық жұмыс тобы әзірлеген емле ережелері топтамасы дайын болғаннан кейін сынақ жұмыстары жүргізіледі. Соған сәйкес әдістемелік жұмыс тобы сынақты ұйымдастыру шараларын қолға алды. Сынақты мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, орта арнаулы білім беру мекемелері, ЖОО, мемлекеттік қызметшілер, ересектер аудиториясы арасында өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жаңа қазақ әліпбиін және емле ережелерін сынақтан өткізу негіздемесі әзірленуде. Сондай-ақ сынақ алаңдарын анықтау жұмыстары да жүргізіліп жатыр.


Баға беріңіз