Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

1 млн теңге Жарылқап Бейсенбайға бұйырды

22.6.2018 731
Бүгін Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық конкурсының қорытынды салтанаты, сондай-ақ 2018 жылғы мәдениет, спорт, туризм, тіл салаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты насихаттауға үлес қосқан журналистерді марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Республикалық конкурсқа үміткер журналистерден 200-ге жуық материал келіп түсті. Ережеге сәйкес ел аумағындағы БАҚ-та жарияланған журналистік еңбектердің мазмұны мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту, тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізуге бағытталған.

Конкурстың қорытындысы бойынша бас жүлде және «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша жүлдегерлер марапатталды.


Конкурсқа ұсынылған еңбектерді елімізге белгілі қаламгер журналист мамандардан құрылған арнайы қазылар алқасы сараптап, жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады.

Конкурс нәтижесі бойынша келесі қатысушылар жүлдегер атанды:

«Үздік мақала» номинациясы бойынша I орынды Сафин Нұрлыбек Саматұлы иеленсе, II орынды «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Қасымов Азамат Әбілұлы, III орынды М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың деканы Ыбырайым Әзімхан Оразбайұлы еншіледі.

«Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша - I орынды «QAZAQSTAN.TV» «Таңшолпан» бағдарламасының журналисі Серікбек Жұмабек, ал II орынды «Мәселе» бағдарламасының жетекшісі, жүргізушісі Сәрсенғалиев Нартай Аралбайұлы, III орынды «Сарыарқа» телеарнасы, «Жаңалықтар» бөлімінің шеф редакторы Ақажанова Гүлбақша Беркінқызы иеленді.


«Үздік радио бағдарлама» номинациясы бойынша - I орынды Ербол Алшынбай иемденсе, ал II орынды «Хабар радиосы» жүргізушісі Аманжолова Әсемгүл Наурызбайқызы, III орынды «Шалқар» радиосының журналисі Арғынғали Талант Талғатұлы жеңіп алды.


«Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша - I орынға Sportportal.kz спорт сайтының журналисі Арыстанбаев Мадияр Қазбекұлы, II орынға Республикалық «Полиция.kz» журналы Бас редакторының орынбасары және Qamshy.kz ақпарат агенттігінің Астанадағы меншікті тілшісі Бейсенов Еркеғали Болатұлы, III орынға «Baq.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Қымбат Елтайқызы лайық деп танылды.

Ал байқаудың бас жүлдесін «Қазақ журналистикасының қайраткері» медалінің, «Ақпарат саласының үздігі» белгісінің иегері Жарылқап Бейсенбайұлы иеленді. Бас жүлдеге 1 000 000 теңгенің сертификаты табысталды.



Тегтер: Мемлекеттік тіл және БАҚ, Мемлекеттік тіл және БАҚ байқауы, конкурс, миллион
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

8 0

ақпарат

РУХАНИЯТ КІЛТІ - ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

10 0

ақпарат

«Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» республикалық семинары өтті

84 0

ақпарат

Латын негізді қазақ әліпбиінің артықшылығы мен кемшілігі