Республикалық онлайн семинар өтеді

Tilalem.kz

Tilalem.kz

15 шілде, 2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 25 шілдеде «Оқу-әдістемелік құралдардың қазіргі ахуалы және тіл үйретудегі жаңа тенденциялар» республикалық онлайн семинарын өткізеді.

Онлайн семинардың мақсаты – оқу-әдістемелік құралдардың қазіргі ахуалымен және тіл үйретудегі жаңа тенденциялармен танысуды онлайн режимде жүзеге асыру арқылы қазақ тілін меңгертудің әдістемесін жаңа деңгейге көтеру.

Онлайн семинар барысында ғалымдар мен білікті мамандар «Психо-нейролингвистика жетістіктері негізінде тіл үйрету», «Оқылым дағдысын қалыптастырудың креативті жолдары», «Ересектерге ағылшын тілін оқыту:әдістеме және тәжірибе», «Қазақ тілін оқытуда қолданылатын кейс және технология түрлері» тақырыптары аясында баяндама оқып, семинарға қатысушылар онлайн режимі арқылы өзара тәжірибе алмасатын болады.

Онлайн семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілдері, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қызметкерлері, Астана, Алматы қалалары мен өңірлердегі мемлекеттік тіл оқыту орталықтарының, жоғары оқу орындарының мамандары және әдіскер-ғалымдар қатысады.

Өтетін орны: ҚазМедиа Холл” киноконцерт залы. Астана қ., Д. Қонаев көш, 4

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 25 шілде, сағ: 15.00

Байланыс телефондары:8(7172) 740877, 408367, +77051005908


Баға беріңіз