Аққулы мен Тереңкөл деп қайта аталды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

06 тамыз, 2018

Елбасының Жарлығымен Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарының атаулары өзгерді. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Павлодар облысының кейбір аудандары:

1) Качир ауданы – Тереңкөл ауданы;

2) Лебяжі ауданы Аққулы ауданы болып қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 4 тамыз № 724



Баға беріңіз