Терең логикалы латын әліпбиінің бүгіні мен ертеңі

Латын әліпбиіне көшу туралы маңызды мәселе тәуелсіздік алған уақыттан бері сан рет көтеріліп енді, міне, шешімін тап­ты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» бағдарлама...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

16 тамыз, 2018

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ақпарттық насихат жұмыстарын өткізді.

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ақпараттық насихат жұмыс тобының жетекшісі, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева, «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт Қапалбек сынамаға қатысушылар алдында қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығын ғылыми негіздермен көпшілікке түсіндірді.


Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «...Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» - деуі қазақ елінің бұл істерге дайын екендігін білдіреді. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру ел үшін ең биік белес.

«Қай әліпби болсын сол халықтың мәдени болмысын аңғартатын айғақтардың бірі. Өйткені мәдени мұра, мәдени жәдігерлер әліпбиде сақталады, әліпби арқылы келесі ұрпаққа жетіп отырады. Қай әліпбидің болсын осындай тарихи миссиясымен бірге оның заманауи міндеттері де болады. Елбасы осы ретте: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай­ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты», - деп, бұл әліпби қазақстандық қоғамның жаңа кезеңдегі ең қажетті таңдауы екендігін айтты. Қазақ өз тарихында тұңғыш рет өз әліпбиін мемлекеттік деңгейде таңдап отыр. Бұл ел тарихындағы аса ірі оқиға. Со­нымен бірге әртүрлі тарихи, саяси, әлеуметтік себептермен дү­ниенің түкпір-түкпіріне тарап кеткен қазақ баласы ортақ әліп­биге ие болады. Бұл қандастарымыздың қатынасы үшін аса маңызды қадам. Жалпы жаңа әліпбиі тәуелсіз сананың жаңғы­руына бастайды, дүниені тануымызды оңайлатады.


Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үшін Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» құрылып, білікті мамандармен қамтамасыз етілуде. «Тіл-Қазынаның» бүгінгі таңдағы ең маңызды міндеті – жаңа әліпбидің емле ережелерін дайындау жұмыстарын үйлестіру. Қазір бұл ережелердің жобалық нұсқасы дайындалып, оның аробациясы Астана, Қарағанды, Өскемен, Семей, Көкшетау, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында өтті. Енді Алматы қаласында өткізілуде. Халықтың жаңа әліпбидегі сауаттылығын қамтамасыз ету үшін емле ережелерімен бірге, қазақ тілінің жаңа орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктері дайындалады» – деп ойын түйіндеді Ербол Тілешов.

Ал тіл маманы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ақпараттық насихат жұмыстарының пәрменділігін арттыру қажеттігіне көңіл аударды.

«Иә, латын графикасына көшу – өркениеттік мәселе. Ашық және глобалды әлем пайдасына таңдауымыз - қазақ тілі жаңа динамика мен дамуға, популиризациялануға мүмкіндік, бағыт алып отыр. Бүгінде көптеген тілдер жаһандық процестер тарапынан қысым алуда. Осы орайда Қазақстанның латынға көшуі - білім саласына байланысты басқа да реформалармен тығыз байланыста. Демек, бұл жаһандану кезеңіндегі ұлттың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға бағытталған ұлттық білім жобасы болмақ.


Ең бастысы - ұлттық сананың трансформациялануы, өзгеруі. Елбасы дәстүр мен заманауилық арасында тепе-теңдікте тұруға тиісті қазақстандық модернизация бағдарламасын енгізудің жүйесін ұсынды. Ол тек өткенге, бұрынғыға жалтақтай бермеуге, жаңаны да қуып артынан еріп кетпеуге шақырады»-деді А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева.

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ақпарттық насихат жұмыстарына қатысушылар жаңа әліпбидің жобасына зор қызығушылық танытып, қызу талқылады.


Баға беріңіз