Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін әдіс - тәсілдер

17 тамыз, 2018

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат-міндеттер жүктеп отыр. Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастырудың алғы шарты мектептенбасталады. ХХІ ғасырмектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі, оқу-тәрбие үдерісін дұрыс ұйымдастыруына әсерін тигізеді.

Қазіргі таңда жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі өзегі- қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу бізүшінмаңызды ісболыпотыр. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде оқушылардыжан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр.

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу- әдістемелік мазмұнының өзгеруі- мұғалімнің, яғнибіздіңөз кәсіби шеберлігімізді шыңдауымызды, жаңартуымызды талап етіпотыр. Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Біздіңболашағымыз – білімдіұрпақ.Елбасыныңалғақойған«Елуелдіңқатарынан көрінукерекпіз»дегенүлкенүмітінақтауымызүшінбізойынанықайтаалатын,ойлауқабілеттеріжоғарытұлғақалыптастыруымызкерек.Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуіұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді,түсіндіреді,ал оқушы тыңдайды,қабылдайды,ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмбл. Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады

«Сыни ойлау»деген не?

Адам қашан терең ойлана бастайды?Бірінші мезетте оның алдында дайын жауабы жоқ қандай да бір мәселе немесе әлі де үйреншікті бола қоймаған жаңа ақпарат пайда болғанда.Екіншіден,адам бұл проблеманың жауабын табуға ұмтылыс жасағанда немесе жаңа нәрсені түсініп,оның байыбына жетуге тырысқанда.Ойланудың қандай да болмасын қиындық,ыңғайсыздық,күмән туғанда пайда болатындығы туралы философ Джон Дьюи былай деп жазған:«Ойлау тығырыққа тіреліп,таңдау жасау керек кезде басталады»

Рефлексия жасағанда адам көптеген шешімдерді сараптап, оларды ой елегінен өткізіп,өз құндылықтарымен түсініктерінің,түйсігі мен қажеттіліктерінің таразысына салып,проблеманың байыбына жетуге тырысады.Осыдан соң адам өзі таңдап алып,көңілі қалаған шешімді тура сол қалпында қабылдамай,оны жан – жақты қарастырады,оның оң мен солын ажыратады,кемшіліктерін келтірумен қатар оны қуаттау үшін дәлелдер іздейді.Бұл тұжырымдауға қанағаттанбай,өз шешіміне балама іздестіреді,жаңа ұсыныстар мен болжамдар жасайды.Ылғи да өзіне еш бүкпесіз шындық тұрғысынан сұрақ қойып,оған жауап іздейді,жауап тапса,қайтадан сұрақ қойып,енді соның жауабын іздестіреді,оған да қанағаттанбай,әрі қарай «қаза береді», « қаза береді». Сұрақтар, сұрақтар, сұрақтар. Жауапіздеу ,жауапіздеу, жауапіздеу. Үздіксіз іздену мен зерттеу...

Ойлаудың осындай толассыз түрі сыни ойлау деп аталады.Мұнда ойлау тізбекті түрде бір нүктеден екінші нүктеге бір бағытпен жылжымай,біресе алға,біресе артқа ойысады.Проблеманың шешімін табу мұнда ең аяққы нүкте деп саналмайды:оны дәлелдеп беру керек,оның тиімділігі мен ықтимал қолайсыздықтарын айқындау қажет,оған балама келтіру керек.

Сыни ойлау проблема шешуге бағытталумен қатар өзінділікпен ерекшеленеді: қандай да болмасын мәселе/ ақпарат бойынша өзіндік түсінік қалыптастырып,оған тәуелсіз тұрғыдан баға беру,дербес шешім қабылдау.

Сыни ойлауды дәріптеушілердің бірі Ричард Поль мына аумалы – төкпелі,күнделікті өзгеріп отырған заманда адам «өз инстинктеріне бостан босқа сенбеуі керек» деп есептейді.Мұның себебі мынада:адам өз түсініктерін,ұстанымдарын,құндылықтар мен нанымдарын бірден қалыптастырмай,олар туралы терең ойланып,оның бәрін күмәнмен қабылдап,«тұла бойынан»өткізу қажет.Ричард Польдің пайымдауы бойынша,адамдар«өздерінің басына түскенді дәл сол қалпында қабылдамауы керек. Олар ақиқат деп ұсынылған нәрсенің бәрінде ақиқат деп түсінбеу іқажет.Олар өздерінің өмірлік тәжірибесін жалған деп ойламауы керек».Демек,олар өмірдің барлық жәйттерімен көріністерін ой елегінен өткізіп, олардың өміршеңдігі,құндылығымен қажеттілігі туралы өзіндік пікір қалыптастыруы керек.Сол себепті сыни ойлауды «сыпайы күмәндану» деп атайды.

Сыни ойлау оқушылардың ойлау дағдыларын дамытып,оларды оқу мен өмірде туындайтын мәселелерді өздігімен шешуге бағыттайды. Осы арқылы сыни ойлау оқушыларды ақпаратпен жұмыс жасап,шешім қабылдауға баулиды.Оқушылар бұл секілді жұмыстарды жасау нәтижесінде өздеріне және өзгелерге толассыз сұрақтар қойып,оларға жауап іздеп,өз жауаптарын ұтымды дәлелдермен айғақтайды, дербес шешімдер қабылдайды.
Адам баласының бес саусағы бірдей болмайтыны сияқты оқшыларда бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын, кішкене болса да өзіндік ерекшелігі бар адамдар. Олардың ішінде ең үздігі де, ең төменіде,тентегі де, біліп тұрса да аузын ашпайтыны да , қанша сүйресең алға баспайтыны да болады. Бірақ ұстаз барлығын да жақсы көріп, білім нәрімен сусындатуы тиіс. Оқушыларға зерттеу жүргізгенде жоғары сынып оқушыларында нақты білім бар екендігі, бірақ олар өз ойларын жеткізуге қиналатыны анықталғанекен. Сондықтан оқушылардыңойындамыту жұмыстарына көп көңіл бөліну керектігі көрінді. Осы жағдайда тиімді технологиялардың бірі- «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз педагогтің бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі. Нәтижесінде неғұрлым дамыған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Бұл технологияның мақсаты сынауға емес шыңдалған ойлауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Ситл,Куртис С.Мередит, Чарльз Темпл. Жоба негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің бірін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Жоба әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың терең де еркін ойлауына, үздіксіз еңбектене білуіне жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырған кезде нәтижесі жоғары болған. (2.48бет)
Сын тұрғысынан ойлау-оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін төмендегі қағидалар сақталуы тиіс:
Бұл технология бойынша сабақ үш сатыдан тұрады:
1.Қызығушылықты ояту.
2.Мағынаны тану.
3.Ой толғаныс.

Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқуменжазу”дегенді білдіреді.
Үйрену процесінде бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды ояту ми қыртысында тітіркендіргіш арқылы жүзеге асады. Осы кезеңде қызмет ететін «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы да басқа әдістерді пайдалануға болады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты: үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйренуші енжарлықтан гөрі белсенділікті талап етенін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Мысалы: 6-сынып әдебиет пәнінен А.Байтұрсыновтың Крыловтан аударған аудармасы «Аққу,шортан, һәм шаян» мысалын өткенде қызығушылықты ояту сатысында «аққу,шортан,шаян туралы не білесіңдер?»деп сұралып, оқушылар пікірлері тыңдалады. Аққу киелі құс,шаян бұл жәндік, шортан балыққа жатады деген сияқты ойларын жұпта талқылап, жаңа білім арқылы ақпарат жинайды.
Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл оқудың екінші кезеңі «мағынаны тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады. Тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқу стратегияларының бірі-INSERT.Ол бойынша оқу тақырыбымен танысу барысында
«Ү»-білемін
«-»-білмеймін
«+»-мен үшін жаңа ақпарат
«?»-мені таңқалдырды - деген белгілерді қойып оқып отыру тапсырылады. Бұл әдіс оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету,оқығанды есте сақтау,мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудыңбірден-біркепілі.
Тақырып бойынша «ой толғаныс» бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушылардың ой толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау,баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты кезеңдерге уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді-маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Толғануды тиімді етуге бағытталған «бес жолды өлең», «венн көрсетуі», «еркін жазу», «екі түрлі түсініктеме күнделігі», «ойлану стратегиясы» т.б осы сияқты стратегиялар әр сабақ ерекшелігіне, ауыр-жеңіліне қарай қолданылады.
«Ой толғаныс» сатысында «екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісін қолдануға болады. Оқушылар дәптерлерінің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады.Мәтіндіоқубарысында олар:Әр оқушы мәтінмен танысып,күнделікті толтырып болған соң,жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға әзірлеп келген сұрақтарын қойып жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықтап қойылғаныдұрыс.Мысалы:
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйренеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге машықтанады. Сондай ақ әдіс тиімділігі сабақтан тысқары қатыспай қалатын оқушы болмайды. Оқыған мәтінді түсіну,оны түсінікті етіп айтып беру,оған қатысты ойын пікірін білдіру арқылы оқушының ойы, тілі дамиды.
Үшінші кезеңде қолдануға болатын тағы бір әдіс «еркін жазу». Мұғалім сабақ бойы қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені білу керектігі тағы басқа жайлы қағаз бетіне түсіру тапсырылады. Жазуға уақыт беріледі.Уақыт аяқталғаннан соң оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез-келген сабақта қолдануға болады. Ал «торлы талқылау» әдісін сабақта былай қолдануға болады. Бұл стратегия мақсаты өз пікірін дәлелдеуге үйрету. Қ.Мырза Әлидің «Күз» өлеңімен танысықан жоқ, сұраққа жауап жазады.
Маған күз мезгілі өте ұнайды. Маған күз мезгілі ұнамайды.
Айналаңда бояудың барлық тү сін көресің. Жазғы демалыс бітеді. Ағаштан үзіліп түс кен жапырақ көбелек секілді.Жиі ауарайы бұзылып,жаңбыр жауып,батпақ болады.Ойнағанда киімің былғанса апаң ұрсады.
Қаншалықты нақты дәлел келтіргендеріне назар аударылып, бағаланады. Міне осы секілді жұмыстар оқушыларды ойлануға, дәліл келтіре білуге жетелейді. Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан ойлай отырып, ой толғау,суреттей алу,еске түсіру, болжау оқушыны жаңа бір әлем жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданатын оқу әдістерінде мұғалім басты орын алып,оқушы тек тыңдаушы ғана болса,сын тұрғысынан шыңдалған ойлау арқасында оқушы білім негіздерімен толығып,болашақта ойлауға құлшыныс алады.Сондықтан сын тұрғысынан ойлау-өте күрделі де маңызды құбылыс.

Қазіргі таңда сын тұрғысынан ойлау теориясынан егізделген,жаңа әдіс – тәсілдерді өз сабақтарымда қолдануға тырысамын.Сабақтарым сәтті шығуы үшін,алдымен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру бағытында,сабақтарымды әртүрлі тренингтер арқылы бастаймын,одан әрі оқушыларды түрлі әдіс – тәсілдермен шағын топтарға бөлудің өзі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратынына көзім жетті. Оқушылар,әсіресе үлгерімі төмен оқушыларда топтық жұмыс кезінде сабаққа қызығушылықпен қатысып,өздеріне деген сенімділіктері орнайтынын байқап жүрмін.Топтық жұмыс барысында олар үнсіз отыруға,басқалардан қалыс қалуға болмайтынын түсініп, өз – өздерін реттей бастайды.Оқушылар жұптасып,топтасып ойланады,ой бөліседі,пікір алмасады,талқылайды.

Менің сабағымда көбіне қолданып жүрген әдіс – тәсілдерім:«Шың», «Серпілген сауал»,«Венн диаграммасы», «Постермен жұмыс», «Бес жолды өлең», «Адасқан әріптер», т.б.

8 -сыныпта өткен Жамбыл Жабаевтың «Жанысақынға» тақырыбындағы сабағымда үй тапсырмасын қайталау мақсатында «Миғашабуыл» әдісін қолдандым. Бұл жерде оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақты еске түсіреді. Үйге берілген тапсырма Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» поэмасы болатын. «Шың» әдісі арқылы поэмадағы жағымды,жағымсыз кейіпкерлерді анықтап,мінездеме берді. Жаңа сабақта оқушылар «Топтастыру», «Венн диаграммасы» арқылы Жамбыл мен Жаныс ақынды салыстырған болатын.Сонымен қатар сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру үшін сергіту сәттерін,шығармашылықпен жұмыс сияқты әдістерді қолдандым.

7 – сыныпта өткен «Күй – музыканың ерекше жанры» атты сабағында үйге тапсырмаға «Жұмыр,Қылыш» және «Адай» күйінің шығу тарихын жазып келу тапсырылған болатын,бірақ сыныпта үй тапсырмасын үш оқушы ғана орындап келген екен.Мен бұл тапсырманы беру арқылы сыныпта көшбасшы, дарынды балаларды анықтай алдым. Сонымен қатар 7 – сынып жоспарында диктант жазу үшін арнайы сағат берілмеген. Алайда мен он – он бес минутты арасында диктант жазуға арнаймын. Жазба жұмысын орындау барысында «Түрлі түсті жиектер» әдісін қолданамын. Оқушылар жазба жұмысын орындау барысында түрлі түсті қарындаштармен белгі салып отырады.«Қызыл – тексеріп ,барлық қателерін түзетіңізші»,«жасыл – барлық қателерді белгілеңізші,мен барлығын өзім түзетемін»,«көк – қате санын көрсетіңізші, мен өзім тауып түзетемін», «қара – бұл жұмысқа баса назар аудармаңыз,мен оны асығыс орындадым» және т.б.

5 – сыныпта өткен Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» және «Атымтай Жомарт» әңгімесінде мен «Кейіпкерлермен кездесу» әдісін қолдандым. Шығарма кейіпкерлерімен кездесе алсаңдар тек екі сұрақ қоя аласыңдар, өздерің туралы және ол туралы.Сендер қандай қояр едіңдер?Ол қалай жауап беререді деп ойлайсыңдар? Бұл әдісті 5 – сынып оқушылары тез түсініп өздерінің сұрақтарын дайындап және кейіпкердің берер жауабын дадайындап қойған болатын.Бұл әдісте оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады деп ойлаймын.

Менің ойымша әрбір мұғалім сабақтан кейін сабақ барысында қолданған стратегия немесе әдіс – тәсілдерді оқушылардың белсенді жұмыс жасауына,сабақты меңгеруіне қаншалықты көмектескендігіне ойтолғау жасап отыруы тиіс. Егер сабақта кеткен қандай да бір кемшіліктер болса,ой толғау арқылы сол кемшілікті келесі сабақтарда жібермеуге тырысады.Сабақтан кейін немесе сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жасап отыруға тиіс. Міне осы секілді жұмыстар оқушыларды ойлануға, дәлел келтіре білуге жетелейді. Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан ойлай отырып, ой толғау,суреттей алу,еске түсіру, болжау оқушыны жаңа бір әлем жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданатын оқу әдістерінде мұғалім басты орын алып,оқушы тек тыңдаушы ғана болса,сын тұрғысынан шыңдалған ойлау арқасында оқушы білім негіздерімен толығып,болашақта ойлауға құлшыныс алады.Сондықтан сын тұрғысынан ойлау-өте күрделі де маңызды құбылыс.


Баға беріңіз