Оқытушылар арасындағы А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 4-5 қыркүйек күндері Қазақстан...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

24 тамыз, 2018

Байқаудың мақсаты – ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушыларды анықтау, қолдау, оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру, озық тәжірибелерді тарату.

Шара республикалық байқау қатысушыларының тәжірибелік сабақ үлгісін көрсету, электрондық портфолионы таныстыру және педагогикалық-психологиялық жағдаяттарға арналған тапсырмалар кезеңдерінен тұрады.

Аталған шараға Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыс оқытушылары қатысады.

Республикалық байқау жеңімпаздарын әдіскер-ғалымдардан құралған қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, алғысхаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Қостанай қаласы, 2018 жыл 4-5 қыркүйек.

Өтетін орны: Қостанай қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті.

Басталуы: сағ: 10.00

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-99-11, 27-71-38


Баға беріңіз