​Қазақстан халқы тілдері күнін атап өтті

Қазақстан Республикасы Премьер министрі Б. Сағынтаевтың 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды. Бір қуантарл...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

07 қыркүйек, 2018

Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып бекітілуінің өзіндік себебі бар. Бұл күн «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады.

Айтулы мерекеге орай Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» Өңірлік басқармасының қызметкерлері арасында «Тіл шебері, «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте», «Сөзмерген», «Полиглот – 2018» тақырыптарында тіл апталығын өткізді.

Апталық аясындаөткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» қалалық форумына шығармашылық және зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, орталық тіл үйренушілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Сондай-ақ үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қызметкерлерді анықтау және қолдау мақсатында ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» Өңірлік басқармасының қызметкерлері арасында «Тіл шебері» өңірлік байқауында бақ сынаған шекарашылар «Мәдениеттаным», «Ұлттаным», «Өнертаным» кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Байқау нәтижесінде2038 әскери бөлімінің «Қордай» шекара бекеті үшінші шекаралық бақылау бөлімшесінің қызметкеріГ. Аймахановаүздік деп танылса,«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шымкент қаласы бойынша филиалына қайта даярлау курсынан өтуге келеген мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік қызметшілердің іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау, ресми сөз сөйлеу этикасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған«Мемлекеттік тіл – мемлекеттікқызметте»байқауында «Ынтымақ» тобы, ал үш тілді жетік меңгерген тіл үйренушілер арасында «Полиглот – 2018» байқауында «Гипократ» тобы топ жарып, қатысушылар арнайы сыйлықтармен, дипломдармен және алғысхаттармен марапатталды.

Қоғамдық орындарда, саябақтар мен сауда орталықтарында өткен «Сөзмерген» викториналық сайысына қала қонақтары мен тұрғындары белсене қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берген қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.



Баға беріңіз