«Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» республикалық семинары өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2018 жылғы 4 қазанда «Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» республикалық семинарын өткізеді.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

23 қыркүйек, 2018

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Ұлттық тестілеу орталығы

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 4 қазан, сағат 10.00

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2018 жылғы 4 қазанда «Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» республикалық семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін тәжірибеге енгізу, заманауи мультимедиялық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдерін үйрету, латыннегізді қазақ тілінің емле ережелерін үйретуде жаңашыл технологияларды қолдану әдістерін таныстыру.

Семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының мамандары қатысады.

Шара барысында Тілдерді оқыту орталықтары мен республиканың үздік әдіскерлері тіл үйретудің тиімді сабақ үлгілерін көрсетеді, латыннегізді жазудың жаңа емлесін оқытудың тиімді технологиялары және әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Семинарға қатысушы оқытушылар мен әдіскерлер өзара тәжірибе алмасады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 40 83 67, 74 08 77


Баға беріңіз