Идея сізден, қолдау бізден

Tilalem.kz

Tilalem.kz

24 қыркүйек, 2018

«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы инновациялық жобалар мен тың идеяларға байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты - «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығын жүзеге асыру, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Премьер-Министрінің Өкімін орындау.

Халықтың латын әліпбиін жылдам, ыңғайлы және сауатты игеріп кетуіне ықпал ету. Латын әліпбиін үйретуде қоғамның қабылдау деңгейін, меңгеру деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, графиканы жылдам үйренуіне жағдай жасау, инновациялық жобалардың санын арттыру, мемлекеттік тілдің аудиториясын кеңейту.

Байқауға қатысатын жобалардың атауы (жобалардың толық техникалық сипаттамасы pdf нұсқада берілді):

1) Латын графикасына көшіруге арналған конвертор бағдарламасы мен мәтінді қайта кодтауға арналған IT-қосымша әзірлеу;

2) Инновациялық IT технологияларды қолдана отырып, балалар мен ересектерге латын әліпбиін үйретуге арналған онлайн-қосымшалар әзірлеу;

3) Машиналық оқыту негізінде тілді оқытуға арналған веб-сервис құру;

4) Мемлекеттік тілді үйрету және насихаттауға арналған веб және ИТ инфрақұрылым құру («Сөздік қор» порталын құру);

5) Қазақ тілінде бірегей контент құру;

6) Латын графикасы негізінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша бейнеблоктар әзірлеу (ақпараттық-жарнамалық, танымдық, түсіндірмелі, вирустық).

Жобаның тұжырымдамасын, құрылымын (презентация түрінде) және бағалық ұсынысты, мүмкін болса, пилоттық нұсқаны көрсетілген мекенжайға тікелей немесе пошта арқылы жолдауларыңызға болады.

Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығы, 2-қабат «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.

Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2018 жылдың 4 қазанында сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша).

Байқауға қатысуға өтінім Байқауды ұйымдастырушыға мөрленген конвертте келесі көрсетілген ақпаратпен беріледі:

- Байқауға қатысушының атауы мен байланыс ақпараты;
- Байқауды ұйымдастырушының атауы мен байланыс ақпараты;
- Байқаудың атауы.

Сараптамалық кеңестің отырысы 2018 жылдың 5 қазанында сағат
16.00-де
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ-ның конференц-залында өтеді (Астана қаласы, Сығанақ көшесі 25, 2-қабат).

Ескерту!

Құжаттары толық емес, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар сараптамалық кеңестің талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және сараптамалық кеңеске ұсыну «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ құзіретінде.

Сұрақтар бойынша 8(7172) 27-71-33 нөміріне (tilalemi.kz@gmail.com) хабарласыңыз.


Жобалардың техникалық сипаттамалары (pdf нұсқа)

1) Машиналық оқыту негізінде тілді оқытуға арналған веб-сервис құру.

2) Латын графикасына көшіруге арналған конвертор бағдарламасы мен мәтінді қайта кодтауға арналған IT-қосымша әзірлеу.

3) Инновациялық IT-технологияларды қолдана отырып, балалар мен ересектерге арналған онлайн-қосымшалар мен оқыту курстарының электрондық нұсқаларын әзірлеу.

4) Мемлекеттік тілді үйрету және насихаттауға арналған веб және ИТ инфрақұрылым құру («Сөздік қор» порталын құру).

5) Қазақ тілінде бірегей контент құрудың негізінде әзірленетін балаларға арналған анимациялық фильмдер

6) Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін ақпараттық-жарнамалық бейнероликтер әзірлеу

7) Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін вирустық бейнероликтер әзірлеу

8) Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін танымдық бейнероликтер әзірлеу

9) Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін түсіндірмелі бейнероликтер әзірлеу

10) Өтінім беру үлгісі


Баға беріңіз