​Термин жайын талқылады

Tilalem.kz

Tilalem.kz

21 қыркүйек, 2018

Бүгін Алматыда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен «Ұлттық терминжасам ұстанымдары: теория және тәжірибе» атты семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңесті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Ерден Задаұлы жүргізді. Семинар-кеңес отырысын да «Салалық терминологиялық секциялардың қызметі туралы» баяндамасымен бастады.

Сондай-ақ Өмірзақ Айтбайұлы, Қарлығаш Айдарбек, Алмас Үдербаев, Қыздархан Рысберген, Орынай Жұбаева, Бейбіт Исхан, Бауыржан Жонкешов, Айгүл Досмайылова сынды ғалымдар баяндама жасап, өз ұсыныстарын талқыға салды.

Тіл де уақыт өткен сайын ұшталып, дамып, жетіліп отыратын тірі ағза сияқты. Сондықтан болар қазақ тілінде термин жасау мәселесінің уақыт өткен сайын маңызы артып келеді. Тәуелсіздігімізді алғалы бері термин жасау саласында елімізде бірқатар мәселелер шешілді десе де болады. Бірақ, әлі де атқарылар іс аз емес деп қорытты семинар қатысушылары.


Баға беріңіз