Тегімізді реттесек…

Тоталитарлық жүйенің қылышынан қаны тамып тұрған уақытында маршал Иван Баграмян полковник Бауыржан Момышұлын шақыртып алып: «Сіз тегіңізді «Момышов» деп өзгертіңіз» дейді талап етіп. Сонда қаймығуд...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

08 қазан, 2018

Шынтуайтына келгенде жаңғыруды – ұлттық ата-тегімізге қайта оралудан бастау керек. Тегімізге «ов», «ев» деп жалғау ешбір салтымызда жоқ. Мұны тоталитарлық жүйенің қалдығы деп санаймын. Одан тезірек арылуымыз қажет. Мысалы, әлі күнге кейбір құжаттарда «Ж» әрпінің алдына «Д» салып жазады. «Джомартов», «Джансугыров» деп. Бабаларымыз қашан бұлай жазып еді? «Джомарт» деген ат болмаған. «Джансугыр» емес, Жансүгір ғой. Өзіміздің ұлттық кодымыз бар. Сол кодтың басы өзіміздің аты-жөніміз. Оны қазақшалап жазып, жоғарыда айтқан жалғауларды алып тастайық. Біз еліміздегі өзге ұлттар мемлекеттік тілде сөйлемейді деп қынжыламыз, ал, өзіміз «ов», «ев», «ин» жалғауларынан арыла алмай жүрміз. Олар аты-тегін «Осипян», «Башкидзе» деп Одақ тұсынан өзгертпей келеді. Кейбір адамдарға: «Тегіңнің алдына неге «Д» саласың?» деп сұрасаң «Құжатта солай жазылған ғой. Өзгертсең кейбір мекемелер қабылдамайды» деп жауап қайтарады. Осындай нәрселер көңілге кірбің салып, қазақ тілінің қазіргі кездегі қолданылу деңгейі әлі де төмен екендігіне қынжыласың. Біз унитарлық мемлекетпіз бе, әлде қос тілді елміз бе, ұғыну қиын. Ақпарат көздері үш миллион қазақ өз тілінде сөйлемейтінін айтады. Бірінші ана тілімізде соларды сөйлетіп алмайынша ештеңе өнбейді. Мемлекеттік тілге деген қажеттілікті туғызбайынша, тіліміздің мәселесін шеше алмаймыз.



Баға беріңіз