Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​«Тілдарын» республикалық олимпиадасы өтеді

8.10.2018 425

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау көрсету, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көптілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Олимпиадаға облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары болған 18-22 жас аралығындағы жастар қатысады.

Олимпиаданың үш кезеңінде үміткерлердің қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде берілген тақырыптардың мазмұнын ашу, үш тілде сауатты сөйлеу және мәтіндерді ағылшын және орыс тілінен қазақ тіліне аудару кезінде орфоэпиялық сауаттылығының сапалық деңгейі бойынша білімдері ескеріледі.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, диплом, алғысхат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өтетін орны: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 33 үй

«Аланда» қонақүйінің конференц-залы, 1-қабат.

Басталуы: 2018 жылғы 19 қазан, сағат: 10.00

Тегтер: Тілдарын, олимпиада, үш тіл, қазақ, ағылшын, орыс
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

92 0

ақпарат

Латын әліпбиін енгізудің ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттері нақтыланды

41 0

ақпарат

​Мәртебеміз – биік, тұғырымыз − берік

160 0

ақпарат

Латын әліпбиін енгізудің ғылыми ұйымдастырушылық міндеттерері талқыланды