​«Қорқыттың даналық сөздері» кітабы үш тілде шығарылады

«Қорқыттың даналық сөздері» кітабы қазақ, орыс және ағылшын тілінде шығарылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Та...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

10 қазан, 2018

- Қызылорда облысындағы тарихи және мәдени ескерткіштер телеатласы мен өңір тарихы туралы электронды оқулық немесе жинақ әзірленеді. Бұл жоба бойынша бейнемұрағаттарда сақталған Сыр өңірінің тарихына, тарихи-мәдени ескерткіштеріне қатысты түсірілімдер, деректер жинақталып, сонымен бірге, аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы облыста орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен орындар, өмір сүрген тарихи тұлғалар, батырлар мен шайырлар, жыраулар, т.б. туралы ел аузында жүрген әңгімелер мен аңыздарды жинақтап, бейнематериалдар әзірлейтін болады, - деді басқарма басшысы.

Кітапқа Сыр өңірі туралы Америка және Еуропа елдерінен жиһанкездер, ғалымдар архивке тапсырған тың деректері егізіледі. Бұл құнды деректер бұрын еш жерде жарияланбағандарымен де құнды болмақ.


Баға беріңіз