Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жаңа емле ережелерін көпшілікпен талқылау жалғасуда

12.10.2018 346
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен ұйымдастырылып жатқан «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбындағы әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасында ақпараттық-насихаттау шарасы 11 қазан күні Астана қаласы №68 орта мектебінде жалғасын тапты.

Мектеп базасында өткізіліп отырған семинарға қала мектептерінен 100-ге жуық бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі, филология ғылымдарының докторы Қ.Күдеринова жаңа әліпби негізінде әзірленген емле ережелерінің мазмұны мен құрылымын түсіндіріп, емледегі басты жаңалықтармен бөліссе, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты С.Сафина латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің жаңа емле ережелерін оқыту туралы тренинг жүргізді. Сала мамандары жаңа емле ережелеріне байланысты өз пікірлерін білдіріп, толғандырған сұрақтарына ғылыми уәжделген жауап алысты.

«Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбындағы әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасындағы насихаттау шарасына қатысты өзге де ақпаратты мына сілтемеден толығырақ оқисыздар. http://tilalemi.kz/article/1707

Тегтер: Тіл-Қазына, латын, қазақ тілі
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

92 0

ақпарат

Латын әліпбиін енгізудің ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттері нақтыланды

41 0

ақпарат

​Мәртебеміз – биік, тұғырымыз − берік

160 0

ақпарат

Латын әліпбиін енгізудің ғылыми ұйымдастырушылық міндеттерері талқыланды