Ұлттық ономастика мәселелері Павлодарда талқыланады

Tilalem.kz

Tilalem.kz

16 қазан, 2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты жұмыс комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, Павлодар қаласында ағымдағы жылдың 25 қазанда «Ұлттық ономастика мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Шараның мақсаты - елдімекендердің тарихи, жер-су атауларын қалпына келтіру, ономастика мәселелерін талқылау және жетілдіру болып табылады.

Іс-шара барысында өңірлердегі ономастикалық ахуал, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту мәселелері қаралатын болады.

Сондай-ақ елдімекендердің байырғы тарихи атауларын қайтару мақсатында жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, ономастика саласының ғалымдары, жергілікті атқарушы органдардағы облыстық тіл басқармалары мен ономастика бөлімдерінің басшылары, мамандары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.

Өтетін орны: Павлодар қаласы, 1 май көшесі 35/1, «Достық» үйінің кіші мәжіліс залы.

Басталуы: сағат14.30.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-09-85, 8 701 6752660.


Баға беріңіз