Жаңа емле ережелерін меңгертудің ғылыми-практикалық ұстанымы талқыланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен   26  қазанда Алматы қалас...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

26 қазан, 2018

Семинарда латын графикасына негізделген жаңа емле ережелерін меңгертудің ғылыми-практикалық ұстанымдары талқынып, оқыту процесінде кездесетін қиындықтарды анықтау мен шешудің тиімді жолдары анықталды.

Латын графикасына негізделген жаңа емле ережелері бекітілгеннен кейін әдістемелік жұмыс тобының жұмысы жанданып, жаңа емлені меңгерту процесін ұйымдастыру қолға алынатындығы белгілі.

Осыған орай республикаға белгілі әдіскер-ғалымдардың, өңірлердегі тілдерді оқыту орталықтары мамандарының жаңа емлені оқытудың алғышарттары жөніндегі теориялық және практикалық ой-пікірлері мен тұжырымдары мұқият тыңдалып талқыланды.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қызметкерлері, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары, ұлттық комиссия жанындағы әдістемелік және орфографиялық жұмыс топтарының мүшелері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері, республикалық оқыту орталықтарының басшылары мен әдіскерлері қатысып қызу пікір алмасу, ұтқыр ойлар ортаға салынды. Семинар жұмысын қорытындылай келе, жасалған баяндамалар мен ұсынылған және талқыланған тәжірибелердің негізінде ортақ шешім қабылданды.


Баға беріңіз