Ғалымдар жаңа әліпби ережесіне белсенді атсалысып жатыр

Tilalem.kz

Tilalem.kz

05 қараша, 2018

Тараз қаласында Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі – ел ертеңі» атпен дөңгелек үстел өтті. Ең әуелі сөзді облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли алып, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталды. Содан кейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек латын әліпбиі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты баяндады.

Мәселен ол жаңа әліпбидің еміле-ережесі келер көктемде толық аяқталып, көпшілікке ұсынылатынын айтты. Сондай-ақ Ерден Задаұлы Тараз қаласының ғалымдары латын әліпбиіне қабылдануына белсенді түрде атсалысып, өздерінің ұсыныстарын жолдап жатқанын тілге тиек етті.

Сонымен қатар дөңгелек үстелде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, профессор, ф.ғ.д. Жантас Жақыпов, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының орфография бөлімінің басшысы Құралай Күдеринова, Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Руханият» КММ басшысы Ержан Еңсебай, Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Сейтітбекова, Түркияның Карабюк университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Энвер Қапаған қатысып, өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында азаматтар латын әліпбиіне байланысты сұрақтарын қойып, тіл мамандарының нақты жауаптарын алды.


Баға беріңіз