Текті сөздің төресі – терме
Байқауда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мазмұнын ашатын еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген үміткерлер шығармалар орындап, бақтарын сынады.
Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқау жыр-термелер арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге жаңаша серпін берді.
Байқаудың Бас жүлдесі Қызылордалық Күнсұлу Түрікпенге бұйырды. 1-орын Батыс Қазақстан облысы Күләш Қуанышқалиева, 2-орын Қарағанды облысынан қатысқан Нұрмұхаммед Байсүгіров иеленді. Ал 3-орынды Павлодар облысының термешісі Оразбек Бахатхан мен Маңғыстау облысының қатысушысы Манаш Әдімбаев еншіледі.
Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Байқауда жыршы-термешілермен бірге танымал әншілер өнер көрсетті.
Баға беріңіз