Жаңа қазақ әліпбиі Алматы облысында насихатталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 8-9 қараша күн...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

12 қараша, 2018

Шараның мақсаты – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 19 ақпандағы № 637 жарлығында бекітілген латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиіне көшу кезеңдерінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстыру және әліпбиге қатысты көпшілік көкейінде жүрген мәселелер бойынша ақпарат беру. Сонымен қатар жаңа әліпби негізінде әзірленген емле ережелерінің мазмұны мен құрылымын түсіндіру, емледегі басты жаңалықтармен бөлісіп, көпшілік қауым арасында ғылыми-танымдық көзқарас қалыптастыру. Соның нәтижесінде халықтың әліпби реформасын оң қабылдауын қамтамасыз етіп, көпшілікпен ғылыми-практикалық байланыс орнату.


Ғылыми сараптамадан өткізілген емле ережелерінің жобасы 2018 жылғы 27 қыркүйекте Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия қарауына ұсынылды. Ұсынылған жоба мазмұны дөңгелек үстел, семинар және көпшілік талқылау түрінде өткізілетін осы шара барысында көпшілікке ғылыми тұрғыдан түсіндіріліп, емле мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ ақпараттық-насихаттық шарада орфографиялық, терминологиялық және әдістемелік жұмыс топтарының мүшелері мен тілші ғалымдар жаңа әліпбиге көшудің мәні мен емледегі өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасап, ереженің негізгі қағидаттарымен және басты жаңалықтарымен таныстырды. Қатысушылардан емле ережелеріне қатысты сауалнама алынып, емлені жетілдіруге арналған деректер мен ұсыныстар жинақталды.

Насихат Қапшағай қаласынан бастау алып Бақанас, Талықорған, Текеліде жалғасты. Шараға қала және аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен тілтанушы ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.


Баға беріңіз