​Латын әліпбиіндегі үздік диктант

Tilalem.kz

Tilalem.kz

01 желтоқсан, 2018

Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 30 қарашада өңіріміздегі гуманитарлық бағыттағы колледж студенттері арасында латын әліпбиінде диктант ұйымдастырылды.

Жоғарыда аталған мақаланың «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» жобасын іс жүзінде жүзеге асыруға арналған шараның мақсаты латын әліпбиіне көз үйрету, қол жаттықтыру, латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің тәжірибеде меңгерілуін дамыту, бейімдеу және өзін-өзі бағалау болып табылады.

Диктант жазуға барлық студент жастар қызығушылық танытып, өздерінің латын әліпбиін қаншалықты меңгергендіктерін сауатты жазумен дәлелдеді. Нәтижесінде үздік жазылған диктант иелері ҚР Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін дөңгелек үстел барысында Басқарманың алғыс хаттарымен және сыйлықтарымен марапатталады.


Баға беріңіз