"Алтын домбыра" кімге бұйырады?

​Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елордамыздың 20 жылдығы мен Тәуелсіздік күніне арналған «Астанам, сенсің айбарым» атты республикалық...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

05 желтоқсан, 2018

«Алтын домбыра» айтысын алқалы қауым асыға күтеді. Жыл соңына қарай басты додаға түсетіндер де тас-түйін дайын­дала бастайды. Биыл жыр жәр­мең­кесі бас қала Астанада өтеді. Қатысу­шылардың ішінде жыл бойы өткен айтыстарда оза шапқан мықты­лардың бәрі бар. Атап айтқанда, Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназар, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансұров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек және Серік Қуанған айтыстың сәнін келтіріп, мәнді сөздерімен тартысқа түседі.

Тізгін әдеттегідей Айтыс ақындары мен жыр-термешілердің халықаралық одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерманда. Тәуелсіздік тойының шымыл­дығын астаналық тұрғындар мен қала қонақтарының айтыспен ашуына мүм­кін­дік бар. Өтетін күні – 16-17 желтоқ­сан. Екі күнге созылатын аламан сағат 15.00-де басталады. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Алтын домбыра» алты рет өтті. Әр жылдарда Мұхтар Ниязов пен Жандарбек Жандарбек екі реттен бас жүлдені қанжы­ға­­­ласа, Аспанбек Аспанбек пен Балғын­бек Имашевтың еншісінде бір-бір «Алтын домбыра» бар. Мұхтар 2012 және 2016 жылы жеңімпаз болса, Жандарбек 2013 және 2017 жылы үздік атанды. Балғынбек – 2014 жылы, Аспанбек 2015 жылы оза шапты. Биылғы бәсеке де тартысқа толы болмақ. Өйткені қатысушы­лардың барлығы дерлік жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. Бас бәйгені үш рет иемденген айтыскерге алтын домбыра сыйға беріледі. Әзірге сайыс тарихында үш мәрте жеңімпаз шыға қойған жоқ.


Баға беріңіз