Кітап оқып, миллион ұтып ал!

Таразда «Кітап оқып, миллионер бол!» көркем әдебиетті оқу байқауы басталды.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

09 желтоқсан, 2018

Игі бастаманы Тараз қаласының айнасына айналған қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің ұжымы жақсы бастаманы қолға алды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында журналистермен өткен басқосуда қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редакторы Эльмира Мырза-Ғали, қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева, Д.Қонаев атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Гульфайруз Инкарбекова және шараға демеушілік жасап отырған «Қазфосфат» ЖШС қызметкерлермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Жанар Оразымбетова журналистермен кездесу барынсында айтты.
– Бүгін ұйымдастырылып отырған байқау оқушылардың таны­мын кеңейтіп, өресін биік­тету бағытында респуб­ли­ка­мызда тұңғыш рет ұйым­­дастырылып отыр. Қала­­лық білім бөлімі мен Д.Қонаев атын­дағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітап­ха­насы аталмыш сайыс­тың ұйымдастырылуына атса­лы­сып, газеттің идеясын бірден қолдады. Ал байқаудың демеу­ші­сі «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров мырза бастамамыздың ілгері басуына зор ықпал жасап, кітап оқу байқауының өте ұтым­ды идея екенін жеткізді. Бұл байқаудан үлкен нәтиже күтеміз. Бір есептен сайысқа белгі­ленген жүлде қоры оқушы­лар­ға үлкен мотивация болмақ. Осы арқылы біз өз өңірімізде кітап оқу үрдісін сәнге айнал­ды­­руды көздеп отырмыз. Ақыл­дас­тар алқасының құрамы – республикаға, өңірге белгілі тұлғалар. Осы кісілермен бір­лесіп жасалған кітаптар тізі­мі оқушыларға ұсынылып, олар кем дегенде 20 кітаптан оқып шықса байқаудың арқасында танымдары кеңейіп, мол мағлұ­мат­тар алып, ұшқыр ойлау қабілеттері шыңдалады деген ниеттеміз. Бүгінгі оқушы – ертең­гі ұлт келешегі. Аздаған уақыт­тан соң үлкен өмірге аяқ басқалы жүрген жас буын өкіл­дері үшін бұл байқауда оқу­ға берілген кітаптар олар­дың жолдарына төгілген жарық сәуле болмақ. Кітаптың ғасырлар мен дәуірлер тізбе­гінде адам­ның ең сенімді серігі екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Ал «Жамбыл-Тараз» газеті қала халқының сенімді үнпа­ра­ғы ретінде бес ай бойы байқау­дың жоғары деңгейде өтуін қадағалап, нәтижесімен бұқа­ра­­­мен бөлісетін болады. Мамыр айының 22-сі күні бар­лығы­мыз ең көп кітап оқы­ған миллионер жеңімпаздың кім екенін бірге анықтаймыз. Жалпы жүлде қоры – үш мил­лион теңге, – деді қалалық басылымның редакторы, қала­лық мәслихаттың депутаты Эль­мира Мырза-Ғали.


Баға беріңіз