Ақтөбе облысында 292 көшеге атау беріліп, 87 көше қайта аталды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

13 ақпан, 2019

2018 жылы Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясы атаусыз құрамдас бөліктерге атау беру туралы 95, қайта атау туралы 79, елді мекендерді қайта атау туралы 2, барлығы176 ұсынысты қарап, оның 155-іне оң қорытынды берді. Сондай-ақ 224 атау республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алды. Қазіргі таңда облыс топонимика кеңістігіндегі қазақ тіліндегі атаулар үлесі 93%-ды құрайды. 2017 жылмен салыстырғанда облыстағы идеологиялық тұрғыдан ескіргенатаулар үлесі екі есеге азайды.


Баға беріңіз