Павлодарда емле ережесін үйретуге арналған оқыту курстары басталды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

13 ақпан, 2019

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру» арнайы жобасында айтылған қазақ тілін кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын жүргізу, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілерге латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстары басталды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы жазба жұмыстары мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Сондықтан кәсіби білікті маман жазу нормаларын жете меңгеруі тиіс. Осыған орай мемлекеттік қызметшілерге арналған курстарда латын графикасына негізделген жаңа емле ережелеріне сәйкес құжат мәтінін әзірлеу және ресми мәтіндерді оқу дағдыларын қалыптастыру қажет.

Осыған сәйкес аталмыш курс тыңдаушыларына «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері», ресми іскерлік хат алмасу үшін қажетті фонетико-фонологиялық, интонациялық, лексика-грамматикалық талаптар, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлгілері түсіндірілетін болады.


Баға беріңіз