Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Өзара әрекеттестікті күшейту қажет

11.4.2019 609
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті төртінші сессиясының жұмыс жоспарын іске асыру аясында Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Рухани жаңғыру: қазіргі қазақ терминологиясы» ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференцияның өзектілігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғырту және рухани дамуы мәселелеріне қатысты сөздері мен мақалаларында бірнеше мәрте көтерілген «тілімізді терминологиялық тұрғыдан халықаралық деңгейге жақындату» қажеттілігіне негізделген.

Отандық терминологияның маңызды мәселелерін қазақ тілін дамыту және байыту тұрғысында талқылау Парламент Мәжілісінде оқылған баяндамалар мен сөйленген сөздердің басты тақырыбына айналды. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек, ғалым-терминолог, профессор Ш.Құрманбайұлы заманауи терминдерді қалыптастыру қағидаттарына, салалық терминдерді біріздендіру мен жүйелеу мәселелеріне баса назар аударып, жаңа қазақ әліпбиі негізінде терминдерді қолдану аясын одан әрі кеңейту қажеттілігіне тоқталды.

Пікірталас барысында аударма саласындағы қордаланған мәселелерге де баса назар аударылды. Атап айтқанда, Жоғарғы соттың судьясы Б.Мақұлбеков, Мәжіліс депутаты А.Смағұлов және заң ғылымының басқа да өкілдері заң жобаларындағы жұмыстардың сапасына ықпал ететін заңнама терминдері мен ұғымдарының дәл аударылмау фактілерін атап өтті.

Еліміздегі танымал ғалымдар атсалысып жатқан «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру барысындағы Ұлттық аударма бюросының тәжірибесі туралы Р.Кенжеханұлының баяндамасы жұртшылықтың қызығушылығын тудырды.

Депутат С.Абдрахманов ақпараттық кеңістікте жаңа терминдерді дұрыс қолданудағы журналистердің жауапты міндетіне баса назар аударды. Сонымен қатар конференцияны бірлесе ұйымдастырушы ретінде Тіл саясаты комитетіне ҚР Үкіметі бекіткен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дер кезінде және сапалы орындау мәселесін назардан тыс қалдырмауды ұсынды.

Конференцияны қорытындылай келе, Комитет хатшысы депутат Б.Мамраев қазақ терминологиясын біріздендіру жұмыстары ғылыми сүйемелдеуді, сондай-ақ Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктерінің жүйелі де тиімді өзара әрекеттестігін күшейтуді талап ететіндігін атап өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы жұмыс топтарының мүшелері, жетекші ғалымдар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ұлттық компаниялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияның қорытындысы бойынша мемлекеттің тіл саясатын одан әрі жетілдіруге бағытталған қарар қабылданды.
Тегтер: Til-Qazyna, Тіл-Қазына, Латын әліпбиі, Терминология
Авторы: Tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

30

ақпарат

Салалық терминдерді біріздендіру бұқарамен бірге талқыланды

75

ақпарат

Көркемсөз оқу шеберлері анықталды

52

ақпарат

​Латыннегізді жаңа әліпби: құрылымы, ерекшелігі, жазылымы