Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Латын жазуын оқытуға негізделген жаңа қазақ әліпбиі мен емле ережелері» тақырыбындағы онлайн семинар

19.4.2019 349
2019 жылғы 18 cәуірде Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Латын жазуын оқытуға негізделген жаңа қазақ әліпбиі мен емле ережелері» тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өткізілді.

Аталған семинарда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент C.М. Сапина Ақсу қаласы және Аққулы, Железин аудандарының қазақ тілі оқытушыларына дәріс оқыды. Қазақ тілі оқытушылары мемлекеттік тілді оқыту кезінде қолданылатын әдістемелер мен жаңа технологиялармен танысып, онлайн режимінде өзекті мәселелерді талқылады.

Аталмыш шарада латын графикасындағы қазақ әліпбиін оқытуда кездесетін мәселелер туралы cөз қозғалды. Жалпыхалықтық реформаны жүзеге асырудың кезеңдері атап өтіліп, дәріс оқушы тыңдаушылырға латынды енгізудің тиімді әдістері туралы ақпараттар берді.

Жалпы онлайн-байланыс арқылы 50 адам қатысты.

Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Тегтер: Til-Qazyna, Тіл-Қазына, Латын әліпбиі, Емле ережесі
Авторы: Tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

44

ақпарат

Кәкен Қамзин: Көркем тіл компьютерлік технологияға есе жібере қоймас

65

ақпарат

Низами Мамедов: «Қобыланды» жырын он бес жыл аудардым

112

ақпарат

Алматы қаласында"Тіл шебері 2019"қалалық конкурсы өз мәресіне жетті!