​Емле ережелерінің құрылымын семинарда үйретуде

Tilalem.kz

Tilalem.kz

25 сәуір, 2019

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық шара латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін Тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) оқытатын дәріс- семинар өткізуде.

Дәріс-семинарда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы атқарушы директоры Ербол Тілешов латын графикасына көшудің стратегиясы, жаңа жазудың лигвистикалық, әлеуметтік және саяси қырларына егжей-тегжей тоқталып, ұлттық сананы қалыптастырудағы жазудың қызметі жайында құнды пікірлерді ортаға салды.

Ал Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың тілші-ғалымдары Анар Фазылжанова, Гүлфар Мамырбек, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының белді ғалымдары Құралай Күдеринова, Айман Жаңабекова, Айсауле, Жанар Жұмабаева, Динара Пашан латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлерге қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы, графикасы мен құрамы, әріп-фонема арақатынасы, қазіргі айтылым және жазылым нормалары кеңінен түсіндірді.

Өз кезегінде тыңдаушылар ересектерге латын әліпбиін үйрету кезінде мүмкіндіктерін дамытып, білімін толықтырады.

Семинарға өңірдегі оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мекеме қызметкерлері, БАҚ, баспа қызметкерлері қатысуда.

Бүгін семинар жұмысының қортындысы бойынша тыңдаушыларға 12 сағаттық курсты аяқтағандығын растайтын сертификаттар табыс етіледі.


Баға беріңіз