Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

АҚТӨБЕЛІК АУДАРМАШЫЛАР ІЛЕСПЕ АУДАРМАНЫҢ ҚЫР-СЫРЫН МЕҢГЕРУДЕ

26.4.2019 494

Ақтөбе қаласында «Қазақша-орысша және орысша-қазақша ілеспе аударма жасауды үйрету» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтуде.

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 25-30 сәуір аралығында облыстың ілеспе аудармашыларының біліктілігін арттыруға бағытталған 5 күндік оқыту курсы жүріп жатыр.

Курстың негізгі мақсаты - тіл мамандарының ілеспе (синхронды) аударма жасаудағы біліктілігін арттыру және олардың алған білімдерін практикалық тұрғыдан бекіту. Курс барысында ілеспе аудармада қолдыналатын кәсіби әдіс-тәсілдер оқытылып, аудармашылар қауымдастығында шеберліктің ең биік шыңы саналатын, күрделі де қызықты ілеспе аударма жасау практикасы жүргізілуде.

Бүгінде мемлекеттік тілді дамытумен қатар халықаралық кеңістікке бірігу талабы да биік. Ақтөбе өңірі күннен күнге алыс жақын шетелдерден серіктестік байланыстарды нығайтуда, сондықтан да кәсіби аудармашылар пулын қалыптастыру мәселесі өзекті. Өңір басшылығы ұстанған стратегия қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп қана қоймай, қарқынды экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, мәдениет, білім алу, әлемдік озық тәжірибиелер алмасу аясында жаңа мүмкіндіктер ашады. Осы орайда, облыстың мемлекеттік мекемелерінде қызмет ететін аударма мамандардың, университет оқытушылары мен тіл мәселелерін кәсіби тұрғыдан қарастырушы филологтардың басын қосқан бұл курстың практикалық маңызы жоғары. Дәрісті Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ-орыс-араб тілдерінен ілеспе аудармашы Есенжан Дина Әнесқызы жүргізуде.

Оқудан өткен аталмыш мамандарды алдағы уақытта жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде өткізілетін ресми жиындарда ілеспе аударма жасауға тарту көзделіп отыр. Оқу күндері толықтай синхронды аударма жасауға арналған кәсіби құрылғылармен қамтамасыз етіліп, курстың соңғы күні, оқытудан өткен қатысушылардың облыс ауқымындағы іс-шарада дербес ілеспе аударма жасай алуын айқындауға арналған «Ақтөбе-менің гүлденген қалам» атты дөңгелек үстелмен аяқталады.


Сүгірбаева Ақмарал Сағынбайқызы

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының

Тілдерді оқыту орталығының әдіскері

Тегтер: Til-Qazyna, Тіл-Қазына, аударма
Авторы: Tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

30

ақпарат

Салалық терминдерді біріздендіру бұқарамен бірге талқыланды

75

ақпарат

Көркемсөз оқу шеберлері анықталды

52

ақпарат

​Латыннегізді жаңа әліпби: құрылымы, ерекшелігі, жазылымы