Байқау қорытындысы!

Tilalem.kz

Tilalem.kz

30 сәуір, 2019

Наурыз айының 14 күні «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Латын әліпбиін және емле ережелерін түсіндіру мақсатында бейнероликтер әзірлеу бойынша байқау жариялаған болатын. Өтінім қабылдау сәуір айының 22 күніне дейін жалғасты. Келіп түскен жобаларды сараптау мақсатында 29 күні сағат 16.00 Сарапшылар отырысы ұйымдастырылды. Отырыстың нәтижесі бойынша келесі компаниялар байқау жеңімпаздары болып танылады:

  • «Creatief» ЖШС
  • «KazInfoGroup» ЖК
  • «Ермедия» ЖК
  • «Усенбеков» ЖК

Ескерту!

Құжаттары толық емес, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар сараптамалық кеңестің талдауына жіберілмеді. Материалдарды іріктеу және сараптамалық кеңеске ұсыну «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ құзіретінде.

Сұрақтар бойынша 8(7172) 27-71-33 (Ақпараттық технология және сараптама басқармасы) нөміріне немесе tilalemi.kz@gmail.com поштасына хабарласыңыз.

Біздің мекенжайымыз Астана қаласы Сығанақ көшесі 25 «Аңсар» бизнес орталығы 2-қабат «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.


Баға беріңіз